Журналист Ася Асеткина бұл туралы өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.
Автордың бұлай айтуына Дархан Әбдіктің «Жетісу» телеарнасына берген сұхбатында: «Ұлтшылдық деген өте үлкен комплекс және өте үлкен күнә» деп айтуы себеп болған. Аталған пікір әлеуметтік желіде де үлкен аңыс қозғаған болатын.
Осы ретте, біз еркін пікір алаңы ретінде автордың рұқсатымен желідегі жазбасын жариялауды жөн көрдік. Пікір редакцияның көзқарасын білдірмейді. Әрі ашық ойлы оқырманның қос автордың ұлтты сүю төңірегіндегі өзара парадокс пайымына алып-қосар дәлелді пікірі болса, оны да жариялауға дайынбыз.
Сонымен, Ася Асеткина пікірі қаз-қалпында:
«Дархан Әбдіктің Жетісу арнасындағы "Қателігін" ("Qatelik" атты бағдарламасын айтып отыр – ред.) соңына дейін тыңдап шықтым. Ұққаным – "комплексованный" казахстанец – Дархан Әбдіктің бәлкім білімі мол шығар, бірақ "Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден" – деп Әлихан бабамыз айтып кеткеніндей, бұл жігіттің мінезі, ұлттық мінезі жоқ екен. Және осында көбі соны "керемет айтты" деп қолдап отыр. Бұл – қасірет!
Алаштың ардақтысы – Әлихан Бөкейхан атамыз кезінде түрмеде отырған Міржақып Дулатұлына жазған хатында: "Мадияр (Міржақыпты солай атаған), алда әлі Күнді көре алатын ұрпақ келеді. Сол күнді көре алатын ұрпақ бізді ризашылықпен, зор құрметпен еске алатын болады. Өкінбеңдер, күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!.." деген еді. Қайран, алаштықтар..! Өздерің үміт еткен "күнді көре алатын" ұрпағыңның: "Қазақ хандығының құрылуы ең үлкен қателік".... "Ұлтты сүю – комплекс" деп көкіп отырғанын көріп, көрлеріңде өкіріп жатқан боларсыңдар...»
Оқи отырыңыз: Дархан Әбдік: «Егер сол бөлінулер болмағанда біздің бүгінгі атымыз қазақ болмас еді»
Пікір қалдыру